
Спорт клубының тәрбиеленушісі Арсен Муратов Корея Республикасының Чханвон қаласында өтіп жатқан пара оқ атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Жерлесіміз ұлттық құрама сапында командалық тәртіпте сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық үштік 1854,4 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарына енді. Алтын және күміс медальдарды Оңтүстік Корея мен Үндістан спортшылары иеленді.
Спортшы А. С. Ещановтың жетекшілігімен дайындықтан өтуде.
Әлем чемпионаты 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 50-ден астам мемлекеттің атынан 300-ден астам параспортшы қатысуда.