Спорт саласындағы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру

Спорт саласындағы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру

COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде дағдарысқа қарсы шараларды қамтамасыз ету мақсатында спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар іске асырылды.
"Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында жалпы сомасы 630,7 млн.теңгеге 12 жоба іске асырылды.
Келесі нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді:
"Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ-нің "Топжорған" стадионын 156,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу, 40 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
65,2 млн.теңге сомасына "Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жігер" стадионы, Горбачев көшесі, 81" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ спорт залының ғимаратын күрделі жөндеу, 16 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Сарыкөл аудандық БЖСМ ағымдағы жөндеу жұмыстары 31,0 млн. теңге сомасына, 11 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Қарабалық ауданы "орталық" стадионының футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары 43,1 млн. теңге сомасына, 13 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Амангелді ауданында стадионның футбол алаңын ағымдағы жөндеу 44,2 млн. теңге сомасына, 13 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Меңдіқара ауданының "Достық" стадионын ағымдағы жөндеу, 43,8 млн. теңге сомасына, 12 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Қостанай қалалық БЖСМ ағымдағы жөндеу 21,7 млн. теңге сомасына, 9 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Қарасу ауданы "Достық" стадионын ағымдағы жөндеу, 33,1 млн. теңге сомасына, 10 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Қостанай ауданында 71,6 млн. теңгеге стадион орнатылды, 21 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 13 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Ұзынкөл аудандық БЖСМ ағымдағы жөндеу жұмыстары 39,8 млн. теңге сомасына, 11 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Рудный № 1 БЖСМ ғимаратын ағымдағы жөндеу 36,0 млн.теңге сомасына, 12 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Денисов ауданы "Автомобилист" стадионының футбол алаңын ағымдағы жөндеу, 44,3 млн.теңге сомасына, 13 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.
Жобаларды іске асыру барысында 183 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 94 жұмыс орны жұмысқа орналастырылды.