
Қостанай қаласында супер-спринт ITT қашықтығы бойынша триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Еліміздің ең үздік спортшылары қатысқан республикалық додада U13-тен бастап Elite санатына дейінгі жас ерекшеліктері бойынша мықтылар бақ сынады.
Жарыс қожайындары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы Elite санатында Қостанайдың триатлоншысы Екатерина Шабалина чемпион атанды. Ал ең жас қатысушылар арасындағы U13 санатында жергілікті спортшы Володар Мощенко жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.