Қостанай облысында тасжолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

Қостанай облысында тасжолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

2026 жылғы 6–12 шілде аралығында Қостанай облысы еліміздің жастар велоспортының орталығына айналады. Алты күн бойы өңір тасжолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты аясында еліміздің бас велошабандоздарын қабылдайды.

Маусымның бас республикалық жарыстарына 13–14 жас және 15–16 жас санаттарындағы еліміздің ең мықты жас велошабандоздары қатысады.

 

         ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жарыс бағдарламасы алты күнге есептелген және бірнеше негізгі пәндерді қамтиды:                                        

06 ШІЛДЕ

(10.00 -12.00) - Мандаттық комиссия отырысы;

(15.00 – 16.30) – Төрешілер алқасының жиналысы

07 ШІЛДЕ

(10:00-11:30) - 13-14 жас аралығындағы ұлдар арасында 15 км жеке жарыс;

(11:45-13.00) - 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында 10 км жеке жарыс;

16.00 -17.00 -   Басталуы: «Золотой Фазан» қонақ үйі;

Эко-акция өтетін орын: Ы. Алтынсарин кесенесі;

Мәресі: «Ұлы Дала» саябағы;

Қашықтығы: 12 км.

17.00 - Чемпионаттың ресми ашылуы сағат 17:00-де өтеді (Гашек көшесіндегі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жағалауы)

08 ШІЛДЕ

(10:00-12.15) - 15 -16 жас аралығындағы ұлдар арасында 20 км жеке жарыс;

(12:30-14.00) -  15 -16 жас аралығындағы қыздар арасында 15 км жеке жарыс;

09 ШІЛДЕ

(10:00-12:15) - 15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы командалық эстафета 40 км (20 км х 2) қашықтықты құрайды;

(12:30-14:00) - 13-14 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы командалық эстафета 30 км (15 км х 2) қашықтықты құрайды

10 ШІЛДЕ

(09:00-12.00) - Топтық жарыс. 15-16 жастағы ұлдар 85 км;

(12:30-14.30) - Топтық жарыс. 13-14 жастағы қыздар 50 км;

11 ШІЛДЕ

(09:00-12.00) - 13-14 жастағы жасөспірімдер арасындағы топтық жарыс 70 шақырымды құрайды,

(12:30-14.30) - 15-16 жастағы қыздар арасындағы топтық жарыс - 80 шақырымды құрайды

12 ШІЛДЕ

(09:00-10.50) - Топтық жарыс-  Критериум (қыздар) 13–14 жас 20 км;

(11:00-11.50) - Топтық жарыс - Критериум (ұлдар) 13–14 жас 20 км;

(12:00-13.00) - Топтық жарыс-   Критериум (қыздар) 15–15 жас 30 км;

(13:10-14.10) - Топтық жарыс - Критериум (ұлдар) 15–16 жас 30 км.

(14.30)  -  Салтанатты жабу және марапаттау рәсімі «Текстильщиков көшесіндегі жастар бульвары».