Облыс орталығында спорт мекемелерінің басшыларымен кеңейтілген кеңес өтті

Облыс орталығында спорт мекемелерінің басшыларымен кеңейтілген кеңес өтті

Бүгін Қостанай қаласында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ұйымдардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі спорт ұйымдарының әкімшілік және қаржылық қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде қаржылық тәртіпті қатаң сақтау, спортшыларды іссапарға жіберу тәртібі, сондай-ақ көшпелі мониторингтік топтың жұмысын іске қосу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, баяндамашылар болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларды Олимпиадалық резервті даярлау орталығына (ОРДО) және Жоғары спорт шеберлігі мектебіне (ЖСШМ) қабылдау тәртібіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ кеңес барысында ұлттық стандарттарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтаған жаттықтырушыларға 30 пайыздық үстемақы төлеу қағидалары түсіндірілді.