Нұрадил Әлжан дзюдодан Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Нұрадил Әлжан дзюдодан Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Қостанайлық дзюдошы Нұрадил Әлжан Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста спортшы үшінші орын үшін болған белдесуде сәтті өнер көрсетіп, отандасы Сұңғат Нұрлатұлын жеңді. Бұл жеңіс Нұрадил Әлжанға беделді халықаралық турнирдің қола жүлдесін сыйлады.