
Петропавл қаласында 2015 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні жекелей, жұптық және аралас жұптар арасындағы сайыстардың жеңімпаздары анықталды.
Қостанай облысының құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, барлық дәрежедегі медальдарды жеңіп алды. Команда сапындағы турнирдің басты қаһарманы Дағыр Данияров болды. Ол аралас жұптар сайысында (Қарағанды облысының теннисшісімен бірге) алтын медаль жеңіп алды, Артем Ваплер жұптасып күміс жүлдеге ие болды және жекелей сында қола медаль алып, үздік үштікті түйіндеді.