
Қостанай қаласында 300-ден астам қатысушының басын қосқан «Құқықтық марафон – 2026» іс-шарасы өтті. Марафонға құқық қорғау және арнаулы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастықтың және медициналық ұйымдардың өкілдерінен құралған 12 команда қатысты.
Іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды. Осындай бастамалар мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын насихаттауға ықпал етеді.