Қостанайда Қазақстанның Балалар Кубогы-2026 жарысының 3-кезеңі аяқталды

Қостанайда Қазақстанның Балалар Кубогы-2026 жарысының 3-кезеңі аяқталды

14 жастағы Әлириза Шарафиев пен 9 жастағы Санжар Рахымтайдың жеңістерімен Қостанайда Қазақстанның Балалар Кубогы-2026 жарысының 3-кезеңі – А. Г. Уфимцев мемориалы аяқталды. Екеуі үшін де бұл – осындай жетістіктегі алғашқы жеңіс.

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) төртінші жыл қатарынан ересектер арасындағы көпкезеңді Қазақстан Кубогымен қатар Балалар Кубогын да өткізіп келеді. 2026 жылы ол 6 кезең мен финалдан тұрады. Финал 1-13 желтоқсан аралығында Астанада өтеді.

30 мамыр мен 5 маусым аралығында Қостанайдағы Спорт сарайында Қазақстанның Балалар Кубогы-2026 жарысының 3-кезеңі – А. Г. Уфимцев мемориалы өтті. Бұл турнир Қазақ КСР-інің 11 дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Анатолий Гаврилович Уфимцевтің есіміне арналған. Ол шахмат теориясына «Пирц – Уфимцев қорғанысы» деген атпен енген дебюттің бірлескен авторы ретінде танымал.

Дәстүр бойынша бұл кезеңде екі жеке турнир өткізілді. Әрқайсысы 9 турдан тұратын швейцар жүйесі бойынша, уақыт бақылауы – жылдам классика 60+30 (60 минут + әр қадамға 30 секунд қосымша).

Турнирге көршілес елдерден – Қырғызстан мен Ресейден келген жас шахматшылар қатысуына байланысты халықаралық сипат берілді.

U14 (14 жасқа дейінгі) турнирінде 14 жастағы Әлириза Шарафиев (Шымкент) өзінің алғашқы кезеңінде 4-орын, 2-кезеңде (Қызылорда) 8-орын алған еді, ал енді жеңімпаз атанды! Қыздар арасында 1-орынды Альбина Қайырбекова (1791, Қарағанды облысы) иеленді, жалпы есепте 19-орынға тұрақтады.

U14 (134 қатысушы):

  1. Әлириза Шарафиев (1850, Шымкент) – 8 ұпай;
  2. Елсұлтан Қалиахмет (1999, Алматы) – 7½;
  3. Иман Набиев (1902, Қостанай облысы) – 7;
  4. Әмір К. Болат (1829, Ақмола облысы) – 7;
  5. Амин Исаков (1880, Қырғызстан) – 7;
  6. Никита Суханов (1845, Астана) – 7;
  7. Нұрас Амангелді (1925, Маңғыстау облысы) – 7;
  8. Юрий Пак (1839, Астана) – 6½;
  9. Захар Галимов (1892, FIDE) – 6½;
  10. Әл-Искандер Әділетұлы (1854, Ақмола облысы) – 6½.

Нәтижелер

U10 (2016 жылғы және одан кіші) турнирінде төрт шахматшы бірдей ұпай жинап, «қысқартылған» Бухгольц коэффициенті бойынша орындары анықталды. 9 жастағы қарағандылық Санжар Рахымтай жеңімпаз атанды. 2-кезеңнің күміс жүлдегері Александр Смелов (Павлодар облысы) екінші, Арыстан Мұрат (Абай облысы) үшінші орын алды.

Қыздар арасынан ең үздіктер – Амира Әлеманова (1501, Астана), Зере Нарымбет (1543, Павлодар облысы) және Азалия Балаканова (1544, Павлодар облысы) 6½ ұпаймен тиісінше 12, 14 және 15-орындарды иеленді.

U10 (151 қатысушы):

  1. Санжар Рахымтай (1659, Қарағанды облысы) – 7½ ұпай;
  2. Александр Смелов (1628, Павлодар облысы) – 7½;
  3. Арыстан Мұрат (1753, Абай облысы) – 7½;
  4. Ансар Демісенов (1660, Қостанай облысы) – 7½;
  5. Мұхаммедғали Әбдіқайым (1791, Астана) – 7;
  6. Айбек Шамшиддин (1641, Қызылорда облысы) – 6½;
  7. Әлинур Қайырғалиев (1634, Алматы) – 6½;
  8. Лев Эрлих (1510, FIDE) – 6½;
  9. Ансар Суюндықов (1539, Алматы) – 6½;
  10. Ермухан Саламат (1626, Атырау облысы) – 6½.

Нәтижелер