
Арқалық қаласындағы «Қайрат» спорт кешені өңірдің үздік дзюдошыларының басын қосты. Бүгін мұнда Қостанай облысының дәстүрлі XXXIX Спартакиадасы аясында ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстардың ресми ашылуы өтті.
Өз өңірлерінің намысын қорғап, рейтингтік ұпайлар үшін күресуге облыстың 20 өңірінен 263 спортшы келді. Командалық турнир аяқталғаннан кейін, 6–7 маусым күндері балуандар Қостанай облысының дзюдодан чемпионатында жеке біріншілікте жүлделі орындарды сарапқа салады.