
Қостанай облысы құрамасы Алматыда өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Кубогында сәтті өнер көрсетіп, жүлделердің толық жиынтығын жеңіп алды. Турнирдің басты қаһарманы Иусуф Мациев болды. Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарына жолдамаға ие болды.
87 келіге дейінгі салмақта Тимур Оспанов күміс жүлдегер атанса, 77 келіге дейінгі салмақта Тамерлан Шадукаев қола медаль иеленіп, үздік үштікті түйіндеді.