Виталина Хоружай велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Виталина Хоружай велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қостанай велоспорт мектебінің тәрбиеленушісі Виталина Хоружай Филиппинде өткен Азия чемпионатында айтарлықтай жетістікке жетті. Спортшы «командалық ізге түсу жарысы» (командная гонка преследования) бойынша алтын медаль иеленді. Бұл нәтиже отандық велоспорт мектебінің жоғары деңгейін және трек шеберлерін даярлаудағы әлеуетін тағы да дәлелдеді. Лайықты жеңіс құтты болсын!