
7–9 сәуір аралығында Ташкент қаласында Орталық Азия баскетбол қауымдастығының (CABA) іріктеу турнирі өтеді. Жарыс 2028 жылғы Азия кубогына (FIBA U18 Men’s Asia Cup) іріктеу кезеңі аясында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасының сапына Қостанай облысынан үш спортшы — «Тобол» БК ойыншылары Дарим Султанов, Әділ Султанов және Михаил Сыч енді.
Команданың жаттықтырушылар штабына Қостанай клубының бас бапкері Тимур Султанов та қосылды.
Спортшыларымызға нәтижелі ойын мен халықаралық аренада жеңіс тілейміз!