
Қостанай облысының өкілі Надежда Рябец Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокс бойынша Азия чемпионатының финалына шықты. 80 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық кездесуде ол Үндістан спортшысы Пуджа Раниді жеңді. Жекпе-жек қазақстандық спортшының пайдасына 3:1 есебімен, төрешілер шешімімен аяқталды. Енді Надежданы турнирдің алтын жүлдесі үшін шешуші айқас күтіп тұр.