
Қостанайлық бадминтоншылар (2008 ж.т. және одан кіші) Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының командалық-жекелей чемпионатында жеңімпаз атанды. Команда 1-орынды иеленді, ал жекелей сында облыс спортшылары алтын жүлделердің басым бөлігін — 8 медальдің 7-еуін жеңіп алды. Турнирдің бірнеше дүркін жүлдегерлері Тимур Бурханов, Диана Наменова, Алиса Кулешова және Ерасыл Ахмет болды. Сондай-ақ Кира Казак пен Богдан Карачурин жүлделі орындарға ие болды.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!