Надежда Рябец — Болгариядағы турнирдің чемпионы

Надежда Рябец — Болгариядағы турнирдің чемпионы

София қаласында Кубок Странджа халықаралық бокс турнирі аяқталды. Жарыс World Boxing ұйымының қолдауымен өтті. Қазақстандық Надежда Рябец 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық жекпе-жекте әлем чемпионатының қола жүлдегері түркиялық Ярен Дузтас спортшысын сенімді түрде жеңді. Үшінші раундтағы басым өнерінен кейін төрешілер бірауыздан жеңісті Надеждаға берді.

Надежданы сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз!