Қостанайлық кёрлингшілер — Қазақстан чемпиондары!

Қостанайлық кёрлингшілер — Қазақстан чемпиондары!

Астанада кёрлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша бапкер А. Б. Төлегеновтың жетекшілігімен Қостанай облысының ерлер құрамасы жоғары техникалық және тактикалық дайындық көрсетіп, ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Жеңісті құрам:

Скип (S): Жүзбай Абылайхан

Вице-скип (VS): Қорабаев Мадияр

Ойыншылар: Мусаинов Ермек (2), Көжақов Манат (1), Бағытжан Санжар (A).

Команда бүкіл турнир бойы ерекше ұйымшылдық пен дәлдік танытты. Спортшыларды дайындаумен бапкер А. Б. Төлегенов айналысады.