Альжан Нурадиль — Люблянадағы Ашық Еуропа кубогының жүлдегері

Альжан Нурадиль — Люблянадағы Ашық Еуропа кубогының жүлдегері

14–15 ақпан күндері Любляна қаласында (Словения) дзюдодан Ашық Еуропа кубогы өтті. Дүбірлі додаға 44 елден шамамен 470 спортшы қатысты. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қостанай облысының өкілі Альжан Нурадиль қола жүлдеге ие болды. Александр Плетневтің жетекшілігімен жаттығатын спортшы жоғары шеберлік деңгейін көрсетіп, Қазақстан құрамасының жүлделі орыннан көрінуіне үлес қосты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жүлдегерлері:

  1. Самариддин Кучкаров (Өзбекстан)
  2. Давид Старкель (Словения)
  3. Альжан Нурадиль (Қазақстан)
  4. Джонатан Янг (АҚШ)