Біздің жерлесіміз Павел Бабенко Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

Біздің жерлесіміз Павел Бабенко Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

Аль-Кассим (Сауд Арабиясы) өңірінде 11–13 ақпан аралығында пара велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өңір намысын Павел Бабенко қорғауда.

MC4 класында Павел 43 минут 45 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді. Спортшының орташа жылдамдығы – 36,8 км/сағ.

Павел Бабенконы Азия чемпионатының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!