Лаура Алмағанбетова-Иван Ярыгин турнирінің күміс жүлдегері!

Лаура Алмағанбетова-Иван Ярыгин турнирінің күміс жүлдегері!

Қостанайлық спортшы Лаура Алмағанбетова Красноярскіде өткен Иван Ярыгинді еске алу халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте ол Ресей өкілі Александра Скиренкодан жеңілді. Бұл марапат 2026 жылғы маусымның басында қазақстандық күрес үшін маңызды жетістік болды.