
8-13 желтоқсан аралығында Дубайда үстел теннисінен жастар арасындағы 5-ші Азия чемпионаты өтуде. Пара үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында біздің облыстың атынан Игорь Худяков қатысуда.
Бүгін пара үстел теннисінен 8-сыныптар арасындағы жекелей жарыста Игорь Худяков күміс медаль жеңіп алды.
Игорь өз тобында Гонконг пен Сингапур спортшыларын сәтті жеңсе, жартылай финалда Филиппин спортшысын 3:1 есебімен ұтты. Финалда
қазақстандық Әли Махулбековтен 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Биылғы жарысқа 45 елден 12 мен 23 жас аралығындағы 1300 спортшы қатысуда. Бағдарламаға спорттың 11 түрі кіреді. Ресей атынан
14 облыстан 60 спортшы қатысуда. Игорь мен оның жаттықтырушысы Сергей Николаевич Родичкинді жасөспірімдер арасындағы Азия паралимпиада ойындарындағы сәтті өнерімен құттықтаймыз.