Пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында облысымыздың намысын Игорь Худяков қорғайды

Пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында облысымыздың намысын Игорь Худяков қорғайды

8-10 желтоқсан аралығында Дубайда жасөспірімдер арасындағы Азия паралимпиада ойындары өтеді.

Жарысқа 30-40 елден 1350 спортшы қатысады деп күтілуде.

Пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында облысымыздың намысын Игорь Худяков қорғайды.

Игорь Худяков – Қазақстан Республикасының спорт шебері, республикалық деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және екінші жүлдегері.

Игорьға сәттілік тілейміз! Табандылығыңыз, күш-қуатыңыз, мінезіңіз жеңіске жете берсін.

Ойындар бағдарламасына спорттың 11 түрі кіреді. Еліміздің намысын 14 облыстан алпыс спортшы қорғайды.