
Бүгін ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының Президенті Алпамысов Абай Абдисамитович, «Тобол» баскетбол клубының директоры Волков С.В. және «Тобол» БК-ның баскетбол жөніндегі бас менеджері Ряскин В.М. Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлымен кездесті.
Кездесу ҚР ҰБФ Президентінің өңірлерге сапары аясында өтті.
Кездесу барысында Қостанай облысында баскетболды дамыту мәселелері, кәсіби баскетбол және «Тобол» БК-ның қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, баскетболды дамытуға қосқан үлесі үшін Дулат Советханұлына алғыс хат табысталды.