Қостанайда жас балуандар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтуде

Қостанайда жас балуандар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтуде

Бүгін Ыбырай Алтынсаринді еске алуға арналған 2008–2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Биылғы жарысқа еліміздің әр өңірінен 9 команда, 9 салмақ дәрежесі бойынша 147 спортшы қатысуда.

  • 7 қараша — 65, 70, 76, 82 және +82 кг салмақ дәрежелері;
  • 8 қараша — 46, 50, 55, 60 кг жасөспірімдер өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар, салтанатты ашылу барысында күні кеше ғана әлем кубогының жеңімпазы атанған Қаблан Нұрсұлтан, Азия чемпионы Баймурзин Архат және олардың бапкері Сайлау Рыздықовқа “Тобыл Торғай Тарландары” федерациясының президенті Тайгелдин Абылайхан Шамшединұлы қомақты жүлде қорын табыстады.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!