
23–31 қазан аралығында Талдықорған қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Қостанайлық атлеттер жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 9 медаль жеңіп алды:
Мурашкина Виктория — жұлқа көтеруде, серпе көтеруде және қос сайыс бойынша алтын медаль;
Журавлев Кирилл — жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде және қос сайыс бойынша қола медаль;
Грубенко Виктория — жұлқа көтеруде қола, серпе көтеруде күміс, қос сайыс бойынша қола медаль.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды тамаша нәтижелерімен және республикалық аренадағы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!