
Қостанай облысының спортшылары ІІІ Азия жасөспірімдер ойындарында табысты өнер көрсетті.
Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында өтіп жатқан ІІІ Азия жасөспірімдер ойындары өз мәресіне жақындап келеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Қостанай облысынан 5 спортшы келесі спорт түрлері бойынша қатысты:
бадминтон (Наменова Диана, Бурханов Тимур, Кулешова Алиса),
гандбол (Орловская Анжелика),
бокс (Маханова Рамина),
джиу-джитсу (Батырбек Абдулла).
Жарыс қорытындысы бойынша қостанайлық спортшылар өңір намысын абыроймен қорғап, 3 жүлде иеленді:
Джиу-джитсу бойынша 62 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді Батырбек Абдулла жеңіп алды. Ол финалдық кездесуде БАӘ спортшысы Салем Алькубаисиді жеңді.
Бокс бойынша 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қыздар арасында қола медальді Маханова Рамина иеленді.
Гандболдан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Орловская Анжелика қола жүлдегер атанды.
Спортшыларымызды және олардың бапкерлерін халықаралық аренада қол жеткізген жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!