
Бүгін Қостанай қаласында грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының күміс жүлдегері — Иусуф Мациевті салтанатты түрде қарсы алды!
Еске сала кетейік, Иусуф 97 кг салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Бұл жарыс 21–22 қазан күндері Сербияның Нови-Сад қаласында өтті.
Біздің спортшымыз финалға дейін сенімді түрде жетіп, Жапония, Армения және Ресей балуандарын жеңген болатын.
Иусуф пен оның бапкерлері — Евгений Сорокин мен Артём Сошкинді — жоғары нәтижемен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа спорттық жеңістер тілейміз!