
2025 жылдың 26 қазанында Қостанай қаласында ұлы ағартушы, педагог Ыбрай Алтынсариннің құрметіне арналған дәстүрлі жеңіл атлетикалық жарыс өтті.
Іс-шараға Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалаларынан, сондай-ақ Қостанай және Қарасу аудандарынан келген 500-ге жуық спортшы мен жүгіру әуесқойлары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, әр жас санаты бойынша марапатталды.
Абсолюттік біріншілік нәтижелері:
Ерлер арасында:
1 орын — Доспулов Даур;
2 орын — Ковалев Владислав;
3 орын — Каримов Ринат.
Әйелдер арасында:
1 орын — Нерознак Татьяна;
2 орын — Хажиева Аида;
3 орын — Алдамуратова Эльмира, грамоталармен, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін үлкен алғыс білдіреміз! Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін: Полиция басқармасына, РЦФК және ДО-ға, Денсаулық сақтау басқармасына, №1, №2, №3 БЖСМ-дерге, ОРМБЖМ-ге, ШБМ-ге, Қостанай қ. БЖСМ-ге, ҚГБЖСМ-ге, ҚРБЖСМ-ге, Футбол БЖСМ-ге, Қостанай қ. дене шынықтыру және спорт бөліміне, ШБМ, СКЕ және НВС ұжымдарына, еріктілерге, ГШДТ ұжымына, Алтынсарин ауданы әкімдігіне ерекше алғыс білдіреміз!