
Қазанның 22-сі күні, Семей қаласында 14–22 қазан аралығында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының бокстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алу рәсімі өтті.
Жарысқа еліміздің барлық 20 өңірінен спортшылар қатысып, Қостанай облысының намысын 15 спортшы қорғады.
Қостанай облысы құрамасының нәтижелері:
1 орын – Рябец Надежда – 80 кг;
2 орын – Рылина Анастасия – 80 кг;
3 орын – Баязитова Анастасия – 70 кг;
3 орын – Әбдікерім Әбдіғалым – 65 кг.
Спортшылар мен бапкерлері Мукушев С.М., Миничкин Р.И., Айтенов Д.К. және Бальмагамбетов А.М.-ды ел чемпионатында сәтті өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз!