6-9 қазан күндері, Қостанай қаласында ауылдық жерлерден келген спортшылар арасында «AUYL SPORT – 2025» жобасының өңірлік кезеңіне іріктеу жарыстары өтті.
Іс-шараға облыстың 18 өңірінен 285 спортшы қатысты.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары биылғы жылдың 2-7 қарашасы аралығында Алматы қаласында өтетін Республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!