Кеше Қостанай қаласында ауыл балалары арасындағы «AUYL SPORT – 2025» өңірлік лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті!
Іс-шара «ФОК» спорт кешенінде ұйымдастырылып, облыстың 18 өңірінен келген жас спортшыларды біріктірді. «AUYL SPORT» жобасы «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асырылып, ауылдық жерлерде балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағытталған.
Лига аясында қатысушылар жеті спорт түрінен сайысқа түседі: бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, Өңірлік дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығының, Халық банкінің өкілдері, сондай-ақ Азия және әлем чемпиондары, еңбегі сіңген жаттықтырушылар қатысты.
Барлық қатысушыларды сәтті бастамамен құттықтаймыз!