AUYL SPORT – 2025 аймақтық кезеңінің мандаттық комиссиясы өтті

AUYL SPORT – 2025 аймақтық кезеңінің мандаттық комиссиясы өтті

Қазанның 6-сы, Қостанай қаласында ауылдық жерлерден келген спортшылар арасында өтетін AUYL SPORT – 2025 аймақтық кезеңінің мандаттық комиссиясы өтті. Іс-шараға облыстың 18 өңірінен келген 250 спортшы қатысады.
Жарыстар 7–9 қазан аралығында төрт спорт нысанында өтеді.
Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары қараша айында Алматы қаласында өтетін Республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтын болады.
Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!