30 тамыз күні Конституциямыздың 30 жылдығына арналған, қазақ күресінен облыстық турнирдің III кезеңі – «Қостанай қыраны – 2025» өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – Қостанай облысының мықты балуандарын анықтап, патриотизмді дәріптеу, сондай-ақ «Қазақстан Барысы» республикалық жобасына қатысушыларды іріктеу.
Салтанатты ашылу рәсімінде абсолютті салмақ дәрежесінде жеребе тарту рәсімі өтті.
Ашылудан кейін жалпы жүлде қоры 1.000.000 теңгені құрайтын жарыс ұйымдастырылып, 90–100 кг және одан жоғары салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында жеңімпаздар анықталды:
1-орын: Қабылан Нұрсұлтан
2-орын: Жұмағали Алмас
3-орын: Жиентаев Талғат
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Айта кетейік, бірінші және екінші орын иегерлері «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық кезеңінде Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен биіктеріңіз көп болғай!