Бүгін Қостанай облысында спорт күніне арналған жарқын да есте қаларлық іс-шара өтті. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.
Бір алаңда спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру саласында жүрген жандар бас қосты. Бұл күн - спортқа өмірін арнап, оның өңірдегі дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға деген құрмет пен алғыстың символына айналды.
Спорт ардагерлеріне жетістіктері мен облыстың спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін құрмет грамоталары мен естелік медальдар табысталды. Үлкен экраннан спорт майталмандарының өмірі мен мансабындағы маңызды сәттерді бейнелеген бірегей мұрағаттық фотосуреттер көрсетілді.
Мерекенің шырайын ардагерлерге арнап дайындалған өнерпаздар келтіріп, жылы эмоциялар мен шынайы қошеметке бөледі.
Спорт ардагерлерінің жетістіктері – бұл тек тарих қана емес, Қостанай облысының жастары мен ересек буыны үшін дәстүрді жалғастыруға, спорттық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға қуатты серпін.
Біз спорт ардагерлерімізді мақтан тұтамыз және олардың өнегесінен шабыт ала береміз!
Мереке құтты болсын!