3 маусым күні Триатлон паркінде нашақорлықпен күресудің халықаралық күніне орай жаппай жеңіл атлетикалық жарыс өтті.
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Шараға AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері белсенді қолдау көрсетті.
Жарысқа 300-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында мектеп пен колледж оқушылары, әскери, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Жарыс басталар алдында барлық қатысушыларға есірткіге қарсы символикасы бар жейде мен бас киімдер таратылды. Балалар 1 шақырымдық, ал ересектер 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті.
Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Жарыс нашақорлықтың алдын алуға бағытталған айлық аясында өткізіліп отыр. Біз үшін жастарға белсенді және салауатты өмір салты – шынайы жетістіктерге, жарқын көңіл-күйге және мықты денсаулыққа апаратын жол екенін жеткізу өте маңызды.