1 маусым күні Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлері арасындағы Спартакиада аяқталды!

1 маусым күні Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлері арасындағы Спартакиада аяқталды!

1 маусым күні Тобыл қаласында Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлері арасындағы Спартакиада аяқталды! Спорттың тоғыз түрінен жарысқа облыстың 26 мемлекеттік органынан 500-ден астам қызметкер қатысты!
Жалпы командалық есепте жүлдегерлер: 3 орын - Жітіқара ауданының әкімдігі, 2 орын - Жангелдин ауданының әкімдігі, 2025 жылғы спартакиаданың жеңімпазы Арқалық қаласы әкімдігінің командасы болды.
Спартакиаданың шешуші ойыны мини-футболдан финалдық ойындар өтті: 1 орын-Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; 2 орын-Қостанай облысының әкімдігі; 3 орын-Қарасу ауданының әкімдігі.
Облыстық спартакиада қатысушыларын облыстық кезеңнің аяқталуымен құттықтаймыз! Естеріңізге сала кетейік, Спартакиада жүлдегерлері ағымдағы жылдың 10-16 маусымы аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін облыс құрамасына енгізіледі.