Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерімен жиналыс

Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерімен жиналыс

            28 мамыр күні, басқарма басшысы Дулат Советханұлы, дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерімен кеңейтілген жиналыс өткізді. Жиналысқа басқарма өкілдері, бөлім басшылары, мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары және спорт мекемелерінің басшылары қатысты.
           Күн тәртібінде баяндалған мәселелер:
           1. Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу – бұл бағытта түсіндірме жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Қабылова Гүлбану Жұмановна жүргізді.
           2. Мемлекеттік басқару академиясына түсу тәртібі – Ақпаратпен Академия филиалының аға оқытушысы Ақмұхамбетова Дариха Асылбековна бөлісті.
           3. «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруін ұйымдастыру; нашақорлыққа қарсы айлық іс-шаралар; балаларды қорғау күніне арналған тұжырымдаманы бұқаралық спорт бөлімі басшысы Мұхамеджан Ислам Алматұлы қарастырды.
           4. Спорт нысандарын жаңарту; 50 метрлік жүзу бассейнінің шатырын жөндеу; Қ.Оспанов атындағы №1 БЖСМ спорт кешенінің ашылуына дайындық мәселелерін Ермағамбетов Нұржан Бегайдарұлы таныстырған болатын.
          Одан бөлек 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған ведомстволық мекемелердің тиімділігін бағалау қорытындылары, спорт резервін дайындауға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру, спорт мектептері басшылары мен аға жаттықтырушылардың басқармаға келу тәртібі сияқты мәселелер талқыланды.