Қазақ күресі құрамасымен кездесу
23 мамырда Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы облыстық қазақ күресі құрамасымен кездесті. Басқарма басшысы Қостанай қаласында өтетін 1-5 маусым аралығындағы 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын спортшыларға сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Сонымен қатар, жуырда Қарағанды қаласында өткен “Сарыарқа батырлары” Азия Кубогында жеңімпаз атанған Архат Баймурзиннің жетістігі ерекше атап өтілді.