Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай ауданында маңызды оқиға орын алды – 91 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді.
Тұрғын үй құрылысының дамуы – басым бағыттардың бірі. 2024 жылы облыста 500 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 5 мың отбасының жаңа пәтерге қоныстануына мүмкіндік жасады. Оның ішінде 940 пәтер кезекте тұрған көпбалалы аналарға, жетім балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға табысталды.
Жұмыс жалғасуда! 2025 жылы 5 мыңнан астам пәтер салу жоспарланған. Оның 1 000-ы кезекте тұрған азаматтарға беріледі.