18 наурызда "Қостанай облысы әкімінің аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиков "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы"ММ қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. Лудоманияның алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері қаралды. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау ұсынылды.