«2024 жылғы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында брифинг

«2024 жылғы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында брифинг

"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы Д. Ихласова "2024 жылғы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы" Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты.

Бюджет қаражаты есебінен Қостанай ауданының "Астана" және "Бәйтерек" шағын аудандарында жалпы ауданы 33 мың шаршы метр болатын 13 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

2025 жылы кезекте тұрғандар үшін 1 мың жалға берілетін және 253 кредиттік пәтер сатып алу жоспарланған. Өз кезегінде, жалға берілетін тұрғын үйдің сапасын жақсарту үшін мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап тұрғын үй бастапқы нарықта немесе қайта құру жүргізілгеннен кейін көпқабатты тұрғын үйлерде сатып алынады. Өңірлердің әкімдері сатып алуға болатын пәтерлер пулын айқындайды және Мемлекеттік сатып алу қаражаты бойынша тұрғын үйлер салуға дайын өнім беруші айқындалады.

Сондай-ақ, биыл Қостанай қаласында "Қонай" шағынауданындағы 10 көпқабатты тұрғын үй және "Береке" шағынауданындағы 2 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2026 жылы аяқталу мерзімі бар тағы 5 үйдің құрылысы жалғасады. Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылында жалпы ауданы 1,6 мың шаршы метр және жалпы құны 469 млн теңге болатын 18 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй салынады. 2025 жылы облыс бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру өткен жылдың деңгейінде жоспарланып отыр, шамамен 500,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.