Әдеп жөніндегі уәкіл К. Ж. Сюндиков құрылыс басқармасының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл К. Ж. Сюндиков құрылыс басқармасының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді

11 ақпанда "Қостанай облысы әкімінің аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиков "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы"ММ қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.

Әкімшілік заңнаманың, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, лудоманияға, діни экстремизмге, деструктивті діни ағымдар мен әлеуметтік қауіпті құбылыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған "Адал азамат" идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы қаралды.

"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау ұсынылды.