Қамысты ауданында жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Қамысты ауданында жаңа пәтерлердің кілті табысталды

Қамысты ауданында тұрғындарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қамысты ауылында қайта жаңғыртудан өткен үш көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды.

Жаңа баспаналар аудан орталығында, Ержанов көшесінде орналасқан. Пәтерлерге қызметтік салада еңбек ететін мамандар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қоныстанды. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Үш үйдің бірі толығымен аудан мамандарына қызметтік тұрғын үй ретінде берілді. Мұнда 12 отбасы қоныстанды.

Қалған екі үй тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді.

Қамысты ауданының тұрғындары Мемлекет басшысына қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірлерде қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Қостанай облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.