"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ, "ERG Service" ЖШС, "қашары Руда"АҚ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыруда өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылдынное объединение», ТОО «ERG Service», АО «Качары Руда»

Бүгінгі таңда әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалалар мен ауылдарға тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына назар аудара отырып, "Отбасы Банкінің" қызметін қайта жүктеудің маңыздылығын атап өтті.

Өңірлерге мамандарды ұстап қалу және тарту, урбандалу қарқынын төмендету және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мақсатында жұмыс берушілер арасында "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ, "ERG Service" ЖШС, "Қашары Руда"АҚ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыруда өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл бағдарламаның мақсаты-өнеркәсіп саласының қызметкерлеріне жеке тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу.

Биыл бағдарлама Рудный қаласында іске асырылатын болады, осы мақсаттарға 1,5 млрд.теңге қажет, "Отбасы банк", "Еуразиялық Топ" ЖШС және жергілікті бюджет қаражатынан 500,0 млн. теңгеден бөлінетін болады.