Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.
«Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Айлардың сұлтаны Рамазан – барша мұсылман үшін ерекше маңызды.
Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын Рамазан айында төзімділік, қамқорлық, имандылық іспетті құндылықтар кеңінен дәріптеледі.
Асыл дініміз ғасырлар бойы дәстүрімізбен сабақтасып, қазақ елінің тыныштығын сақтауда ерекше рөл атқарып келеді.
Қасиетті айда ел игілігі жолындағы ісіміз еселеніп, сауапқа кенеле берейік!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ораза қабыл болсын!».