Астанада жаңа қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды

Астанада жаңа қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан Құрылысшылар одағының мүшелері мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлады ИИДМ сайты.

Кездесу барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Құлбаев Қазақстан Республикасының жаңа қала құрылысы кодексі құрылымының жобасын ұсынды. Ол кездесуге қатысушыларға құжатты әзірлеу бойынша жұмыстардың барысы және жобаны бизнес-қоғамдастықпен талқылауды қамтитын алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

«Біз сала өкілдерінің жаңа кодексті әзірлеу жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуына сенеміз. Құрылыс саласындағы проблемаларды тиімді шешу барлық тараптардың – мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастықтың және құрылыс компанияларының бірлескен жұмысы жағдайында ғана мүмкін болады», - деп атап өтті Б.Құлбаев.

Құрылыс саласының өкілдері арнайы құрылған жұмыс топтары шеңберінде жаңа кодексті әзірлеуге қатысады.