Қазақстанда"Агломерацияларды дамыту туралы" Заң қабылданды

Қазақстанда"Агломерацияларды дамыту туралы" Заң қабылданды

2023 жылғы 1 қаңтарда "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасында агломерацияларды қалыптастыру, дамыту және олардың жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Агломерация-осы Заңда айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін Астанадан немесе Республикалық маңызы бар қаладан немесе облыстық маңызы бар қаладан және олардың айналасында орналасқан елді мекендерден тұратын жергілікті жүйе.

Елді мекендерді агломерацияға жатқызу критерийлері:

1) агломерация орталығымен күнделікті еңбек, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстардың болуы;

2) агломерация орталығымен аумақтық бірігу үрдісі.

Елді мекендерді агломерацияға жатқызу оларды қалыптастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайтын агломерация құрамына енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Елді мекендерді агломерация құрамына енгізуді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (жарияланған: "Казахстанская правда" 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 2 (29879)).