"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына қол қойылды

"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына қол қойылды

2022 жылғы 23 қарашада ҚР Сенаты қабылдаған "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңының жобасына 2022 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Президенті қол қойды, деп хабарлайды Учет.kz.

Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгілеу көзделген:

1) ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 70 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін);
3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;

4) зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.

Сондай-ақ жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5% - ға арттыру көзделген.

ӘМСҚ-ға төленуге жататын ММС-ға мемлекет жарналарының мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды.