ҚР ИИДМ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларға түзетулер енгізу жөнінде кеңес өткізді

ҚР ИИДМ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларға түзетулер енгізу жөнінде кеңес өткізді

"Ашық сағат алаңы" жобасы аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстан нарығындағы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаларға түзетулер енгізу мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында қатысушылар құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасына түзету жүргізудің проблемалық мәселелерін талқылады.

"Құрылыс ресурстарына бағаның айтарлықтай ауытқуына жедел әрекет ету үшін сметалық бағалар жинақтары шығарылады. Бұл бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер құрылысының аяқталмау тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Аталған құжат ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі",-деп атап өтті Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Төрағасы Тимур Қарағойшин.

Бұдан басқа, ҚР ИИДМ қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп қаржыландыру мерзімдерін орындау шеңберінде жобаларды түзету кезінде жауапкершілік шараларын қатаңдату және мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның актісін алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.

 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі