20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Тиісті Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте қол қойды.

16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент сайлауы туралы Конституцияға енгізілетін түзетулер мақұлданды. Енді Қазақстанда президент жеті жылға бір рет сайланатын болады.

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, оның барысында 2022 жылдың күзінде Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Парламент пен мәслихаттарға сайлауды 2023 жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды.